Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада заңқой тұтынушылар сыйлыққа ие болады

05 Наурыз 2015, 15:35
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Астанада "Чекті талап ет - сыйлықты ұтып ал" акциясы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Акция 2015 жылдың 5 шілдесіне дейін болады және сол күні ұтыс ойындары өтеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, акция тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда жасау мен қызмет көрсету кезіндегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Бұл шараға кез келген астаналық қатыса алады.

Акцияға қатысу үшін чекті суретке түсіріп, WhatsАpp арқылы +7 701 500 17 17 нөміріне жіберу қажет. Әрбір чекке бірегей нөмір беріледі және сол нөмірлер арқылы ұтыс ойнына қатысуға болады. Айта кетейік, бағалы сыйлықтардың арасында ұялы телефондар, смартфондар, гаджеттер бар. Неғұрлым көп хабарлама жолдаған сайын, ұтысқа ие болу мүмкіндігі де арта түседі.

Айта кетейік, акцияның мынадай талаптары бар: бір суретте бір ғана чек болуы тиіс, чектің фискалдық болуы міндетті (чекте ФП, Ф, Ғ, "фискалдық" - фискал белгісі болуы керек) және чектің суретінде сауда жасалған мерзім, ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі (немесе БСН - Бизнес сәйкестендіру нөмірі), қорытынды сома көрініп тұруы қажет.

Сонымен қатар, егер чектер қайталанатын болса немесе акция талаптарына сай келмесе шараға қатысу мүмкін болмайды.

"Егер кәсіпкерлер чек беруден бас тартса немесе кассалық аппараты болмаса, акцияға қатысушылардың Астана мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласуына болады. Ол үшін ақпаратты хабарламамен жолдау керек. Хабарламада сауда орнының мекенжайы мен нысанның атауын (мүмкіндік болса ЖСН, БСН, салықтөлеушінің атауы) көрсету міндетті", - делінген хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай