Астанада жылу беру маусымы ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жылу беру маусымы ұзартылды ©Нұрғиса Елеубеков

Астанада жылыту маусымы ұзартылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жылыту маусымы ұзартылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елордада 2013-2014 жылғы жылыту маусымы келесі аптаға дейін ұзартылады", - делінген хабарламада. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұған Астанада минустық температураның сақталуы себеп.

Бұл жылыту маусымында энергиямен қамту жүйелерінде еш ақау болмаған. "Жылыту маусымы кезеңінде 1,42 млрд кВт/сағат электр қуаты мен 4,3 млн гигакалория жылу энергиясы өндірілді", - деген болатын бұған дейін қала әкімінің орынбасары Василий Крылов. 

Бұған дейін елордада жылу берудің 15 сәуірде тоқтатылатыны хабарланған еді. Енді Астананың тұрғын үйлерінде сәуірдің 20-сына дейін жылу болады. "2013-2014 жылғы жылыту маусымын осы аптада аяқтау жоспарланған. Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8градусты құрайтын болады", - делінген Астана әкімдігінің ресми сайтында.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети