Астанадағы MEGA Silk Way ойын-сауық орталығының қашан ашылатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы MEGA Silk Way ойын-сауық орталығының қашан ашылатыны белгілі болды

Астанадағы MEGA Silk Way ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты 6 наурызда сағат 10.00-де өтеді. Бұл туралы MEGA ойын-сауық орталығы желісінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы MEGA Silk Way ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты 6 наурызда сағат 10.00-де өтеді. Бұл туралы MEGA ойын-сауық орталығы желісінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ойын-сауық орталығы жалға алушылар жұмысқа дайын болған кезде ашылады. 6 наурызда MEGA Silk Way орталығында жалға алушылардың 60 пайызы жұмысын бастайды. Ал орталықтың ресми ашылуы 23 наурызда болады. Онда жалға берушілердің 80 пайызы жұмысқа кіріседі", - делінген хабарламада.

MEGA Silk Way ойын-сауық орталығының аумағы 140 мың шаршы метрді қамтиды. Оның 32 пайызы білім, спорт, сауықтыру және әлеуметтік жобаларға арналған екен.

Сондай-ақ, жаңа сауда орталығына ай сайын миллион адамның келетіні айтылады. EXPO-2017 көрмесін өткізген кезде сауда орталығына келушілердің саны айына 2 миллионға дейін жетеді деп күтіледі.

Бірақ 6 наурызда өтетін ашылу кешінде ойын-сауық бағдарламасы болмайды. Мерекелік бағдарлама тек орталықтың ресми ашылу салтанатында, яғни 23 наурызда болады. Айта кетейік, орталықтың ресми ашылу кеші сағат 18.00-де басталады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанадағы жаңа "Меганың" ішінде не болатыны айтылған болатын. Ғимарат үш қабаттан тұрады: екі қабаты жер үстінде орналасқан және біреуі жер астында. Сауда орталығына 9 жерден кіруге болады, оның екеуі жер астында. Автомобильдерді тұраққа қою үшін 2100 орын дайындалған, оның 400-і жер астындағы тұрақта. Сондай-ақ, сауда орталығынан жыл сайын ел бюджетіне 5 миллиард теңгенің салық ретінде түсетіні хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети