17 желтоқсан 2016 11:44

Астанадағы жаңа "Меганың" ішінде не болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2017 жылдың I тоқсанында Астанада жаңа сауда орталығы ашылады. MEGA SilkWay ғимаратын салу жұмыстары аяқталып қалды. 16 желтоқсанда еліміздегі ең үлкен сауда орталығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып қайтқан. Tengrinews.kz жаңа "Меганың" келушілерді несімен таңғалдыратынын айтып береді. 


2017 жылдың I тоқсанында Астанада жаңа сауда орталығы ашылады. MEGA SilkWay ғимаратын салу жұмыстары аяқталып қалды. 16 желтоқсанда еліміздегі ең үлкен сауда орталығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып қайтқан. Tengrinews.kz жаңа "Меганың" келушілерді несімен таңғалдыратынын айтып береді. 

MEGA SilkWay ойын-сауық және сауда орталығының жалпы аумағы - 140 мың шаршы метр. Атриумдардың биіктігі 25 метр. 

Ғимараттың ішіндегі сегвеймен жүруге болады. 

Ғимарат үш қабаттан тұрады: екі қабаты жер үстінде орналасқан және біреуі жер астында. Сауда орталығына 9 жерден кіруге болады, оның екеуі жер астында. Автомобильдерді тұраққа қою үшін 2100 орын дайындалған, оның 400-і жер астындағы тұрақта. 

Ғимраттың коммерциялық бөлігі - 62 пайыз. Қалған үштен бір бөлігі білім саласына, спорт, ойын-сауық және әлеуметтік жобаларға арналған орындар үшін жасалған. MEGA SilkWay ғимаратында 205 жалға берілетін орын бар. Жалға алушылардың 85 пайызы келісімшарттарға қол қойып қойған; қалғандарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр; қазіргі уақытта тек жалға берілетін бөлігінің 2 пайызы ғана бос.

Сауда және ойын-сауық орталығына шамамен бір айда 1 миллион адам келеді деп болжанады. Ал, EXPO-2017 көрмесі кезінде 2 миллион адам келеді деп күтіледі. MEGA SilkWay жобасына 67 миллиард инвестиция тартылған, оның 70 пайызы - қарызға алынған, ал 30 пайызы - компанияның жеке қаражатынан. 

MEGA SilkWay СО 2000 адамды жұмыспен қамтитын болады, ал қызмет көрсету компанияларын ескеретін болсақ, 5000-ға жуық адам нысанда жұмыс істеуі мүмкін. Жыл сайын ел бюджетіне 5 миллиард теңге салық ретінде құйылады. MEGA SilkWay базасында жаңа инновациялық зертхана жұмыс істейтін болады, онда жас мамандар өздерінің IT-жобаларын тестілеуден өткізеді.  

Жаңа "Мегада" көптеген арт-нысандарды көруге болады. Басты кіреберісте келушілерді "Тұлпарлар" қарсы алады. Осы идеяның авторының айтуынша, бұл қазақ даласының кеңдігі мен әсемдігін бейнелейді.  

Сауда және ойын-сауық орталығының ішінде жеке флорасы мен фаунасы болады. Жоба бойынша Гонконгта өсірілген тордағы тропикалық құстар, экзотикалық балықтар мен медузаларды алып келінген. 

Атриумда Нидерландыда 14 жыл бойы өсірілген ағаштар болады. 

Ғимараттың шығыс бөлігі мәдени кеңістікке арналған, онда жәрмеңкелер, шоу, концерттер, көрме мен сән көрмелері өткізілетін болады. Жыл сайын қараша айынан бастап мұнда мұз айдыны жұмыс істейтін болады. 

Осыдан алыс емес жерде елдегі ең үлкен батут паркі мен Қазақстанда ең үлкен экраны бар кинотеатр жұмыс істейтін болады. 


© Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети