Астанадағы ақылы тұрақтар: тарифтер өзгере ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы ақылы тұрақтар: тарифтер өзгере ме? Фото: facebook.com/astanapark.kz

Астана әкімдігі "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС-мен келісімді бұзып жатыр, тұрақтар қала балансына берілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС-мен келісімді бұзып жатыр, тұрақтар қала балансына берілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл процес қай кезеңде және қазіргі уақытта қала тұрғындары тұрақ ақысын қалай төлеп жүр?

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, тұрақтарды қала балансына беру процесі әлі де жүріп жатыр.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісімді бұзу және "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС-ін коммуналдық меншікке беру процесі жүргізіліп жатыр", – деп жауап берді басқарма ресми сауалға.

Жақында әлеуметтік желіде "тұрақтарды өткізу процесіне байланысты енді ақы төлеудің қажеті жоқ" деген сыбыс тараған болатын. Алайда басқарма бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сонымен қатар, тұрақтар қала балансына берілгеннен кейін тариф өзгермейтінін мәлімдеді.

"Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС тұрақтарды коммуналдық меншікке бергенге дейін бұрынғы шарттар негізінде ақылы тұрақтардың жұмысын жалғастыра береді.

Ақылы тұрақтар коммуналдық меншікке өткеннен кейін де олардың жұмыс тәртібі мен тарифі өзгермейді", – деп қосты басқарма.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети