Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған қыз ауруханадан шығарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қыздың анасы ұсынған сурет/ Tengrinews.kz Қыздың анасы ұсынған сурет/ Tengrinews.kz

Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған қыз стационардан шығарылды, оны одан әрі оңалтуға дайындап жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған қыз стационардан шығарылды, оны одан әрі оңалтуға дайындап жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың айтуынша, бүгін бала ауруханадан шығарылған.

"Зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде жеті жасар балаға да уақытылы шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Ол стационардан шығарылды", - деді шенеунік ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, дәрігерлер қызға толық көмек көрсеткен. Бала Ақмола облысы Егіндікөл ауданындағы медициналық мекемеде одан әрі ем алады, себебі осы жаққа тіркелген. Тимур Мұратовтың сөзінше, жергілікті емхана жеке оңалту бағдарламасын әзірлеумен айналысып жатыр.

"Өкінішке қарай, аяғын кесу керек болғанын бәрі біледі. Мұның бәрі өмірін құтқару үшін жасалды. Отадан кейінгі жаралары емделгеннен кейін баланы оңалтумен айналысамыз", - деді ол.

Еске салайық, 2 маусымда Астанада автобус жол бойындағы бағанаға соғылды. Жол апаты Республика даңғылында болды. Оқиға салдарынан 10 адам зардап шеккені хабарланды. Кейін олар елорданың түрлі стационарларына жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer