Астанадағы автобус апатында аяғынан айырылған: автопарк уәде берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Қыздың анасынан/Tengrinews.kz Фото: Қыздың анасынан/Tengrinews.kz

Астананың автобус паркі жол-көлік оқиғасы салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың "лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге" қатысты барлық шығынды өз мойнына алуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астананың автобус паркі жол-көлік оқиғасы салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың "лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге" қатысты барлық шығынды өз мойнына алуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 жастағы бірінші сынып оқушысы Алуа Бекен Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылды. Қыздың отбасы жазғы демалысқа елордаға келген. Қайғылы оқиға болған күні олар үйге қайтып бара жатқан, сол сәтте автобус бағанға соғылған. Алуа болса автобус салонында қысылып қалған. Қазір ол ауруханада жатыр, алда ұзақ оңалту мен протез орнату кезеңі күтіп тұр. Анасы жұмысынан шығып, қызына күтім жасап жатыр, ал отбасы емге қаржы жинау басталғанын хабарлады.

Өмірлік уәде

Бұған дейін 7 жастағы Алуаның туыстары әлеуметтік желілерде 11 маусымда Астанадағы №1 автопарктің басқарма төрағасы Мадияр Тұкпатовпен сөйлескенін хабарлаған.

Олардың айтуынша, автопарк басшысы Алуаның да, Махаббаттың қалған төрт баласының да лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету бойынша барлық шығынды өмір бойына өз мойнына алатынына кепілдік берген.

Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпаратты автопарктің баспасөз қызметі растады.

Еске салайық, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек зардап шеккен қыздың отбасына баспана мен 40 миллион теңге берілетінін мәлімдеген болатын.

"Сақтандыру – шамамен 20 миллион теңге, әкімдік 10 миллион бөлді, тағы қосымша 10 миллион бөлуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ баспана мәселесін шешеміз", – деді Астана әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer