04 наурыз 2019 17:38

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры 12 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділ Арын. © facebook.com/pg/PiramidaKazakhstan Әділ Арын. © facebook.com/pg/PiramidaKazakhstan

Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арынға қатысты тергеу шарасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арынға қатысты тергеу шарасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүргізілген жедел тергеу шараларының нәтижесінде Астана қаласы әкімдігінің "Бейбітшілік және келісім сарайы" МКҚК басшылығы мен қызметкерлерінің құны жоғары тауарларды заңсыз мемлекеттік сатып алу арқылы ақша қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде 21 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық әрекеті анықталды. Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін жалған тұлғаға ресімделген "Astana art creative group" ЖШС аффилиирленген МКҚК компаниясы анықталды", - деді экономикалық тергеу қызметінің өкілдері. 

Ресми деректер бойынша, іс бойынша Бейбітшілік және Келісім Сарайының бас директоры А. С. Арын және осы ұйымның бөлім басшысы А. С. Исаханов және басқа да тұлғалар күдікті ретінде өтіп жатыр екен. 

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты МКҚК бас директоры Әділ Арынға қатысты тергеу кезінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық кодексте 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді МКД ЭТҚ өкілдері. 

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Бейбітшілік және келісім сарайында өткізілген барлық мемлекеттік сатып алулар тексеріліп жатыр. 

Осыған дейін, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арын қамауға алынғаны туралы хабарланды. Сот шешімімен ол 26 сәуірге дейін қамауға алынған. "1980 жылғы Әділ Арынға қатысты Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты екі айтға және 2019 жылдың 26 сәуіріне дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметінің өкіллері. 

Сот шешімі 28 ақпанда шыққан.

Бейбітшілік және Келісім Сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Жоба авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Роберт Фостер.

Елордада Пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса деген идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезінде ұсынған болатын. Мемлекет басшысының идеясы съезге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі конфессиялардың көшбасшыларының үлкен қолдауын тапты. Әлемнің ең жас елордасы Астана қаласында 2006 жылы қайта қауышқан съезд делегаттары екінші бас қосуын жаңа, бірегей ғимарат - Бейбітшілік және Келісім Сарайында өткізді.

Ұйымның сайтындағы мәлімет бойынша, "Бейбітшілік және Келісім Сарайы" МКҚК Астана әкімдігінің иелігінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети