16 наурыз 2017 16:43

Астанадағы жылытылатын жаңа аялдамалар қанша тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы жаңа жылы аялдамалар жеке кәсіпкерлерге 20 мың долларға түспек. Бұл туралы Астана қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы жаңа жылы аялдамалар жеке кәсіпкерлерге 20 мың долларға түспек. Бұл туралы Астана қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз байқау өткізіп, жылы аялдама кешендерін орнатуды бастаймыз. Бұл 100 пайыз жеке инвестиция болады. Аялдамалардың дизайнын ойластырып қойдық. Қазіргі уақытта инвесторларға прототиптерді орналастыруды тапсырдық. Бір ай ішінде толық дайын болады. Жылы аялдамалардың бірнеше түрі ойластырылды: жабық, ашық, қосымша сауда павильондары, полиция отыратын жер, дәретханалар. Осыларға сүйенсек, жылы аялдамаларды орнатуға 15-20 мың доллар қажет", - деді Бекмырза Игенбердинов.

Оның айтуынша, жаңа аялдамаларға кететін шығын сауда павильондарындағы жарнама есебінен толықтырылады. Жыл соңына дейін 250 жылы аялдама орнату жоспарланып отыр.

"Жалпы бұл бағдарлама бір жылға ғана арналмаған. Бүгінде бізде 3-4 жылда жылы аялдамамен қамтамасыз етуіміз тиіс 1500 аялдама кешені бар", - деді Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети