Астанадағы LRT ескі вокзалға дейін ұзартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы LRT ескі вокзалға дейін ұзартылады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

Астана LRT желісін елорданың оң жағалауына дейін ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы журналистерге "City Transportation Systems" (CTS) компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астана LRT желісін елорданың оң жағалауына дейін ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы журналистерге "City Transportation Systems" (CTS) компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада LRT нысандары бойынша пресс-тур өтіп жатыр, ол ресми түрде осы демалыс күндері - 16-17 мамырда іске қосылады. Журналистер Дүйсебаевтан пойыздардың оң жағалауға баратын-бармайтыны туралы сұрады. Оның айтуынша, мұндай жоспарлар бар, бірақ бәрі қаржыландыруға байланысты болады.

"Біз қазір Қосшыда бастадық, әзірге мердігерлер құрылыс жүргізіп жатыр. Ол жаққа да (оң жағалауға - ред. ескертп.) бастаймыз, қазір геологиялық ізденістер жүріп жатыр. Қазір белсенді жұмыс істеп жатырмыз", - деп жауап берді Асылбек Дүйсебаев.

Оның айтуынша, LRT оң жағалаудағы ескі вокзалға дейін ұзартылады. Қазір оператор қаржыландыру мәселесі бойынша банктермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Дүйсебаевтың айтуынша, қазір банктер тарапынан қызығушылық әлдеқайда жоғары, өйткені олар LRT-ның бірінші кезеңінің сәтті іске асырылғанын көрді.

"LRT Хан Шатыр арқылы өтеді. Содан кейін Кенесарыға, Жеңіске бұрылып, тікелей ескі вокзалға дейін барады", - деді басқарма басшысы.

Ол LRT-ның жаңа кезеңінің құрылысымен бірінші кезеңді салған мердігер айналысатынын айтты. Жоба қазіргі салынған нысандардан "қымбатқа түспейді" деп уәде етілген.

Бұған дейін CTS компаниясы журналистерге алғашқы жолаушылар жеңіл рельсті көлік жүйесін осы аптада, 16-17 мамырда пайдалана алатынын хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта жоба дайындықтың соңғы кезеңінде. Елордада пойыздарды сынақтан өткізу, қауіпсіздік жүйелерін тексеру және инфрақұрылымды баптау жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, LRT бағыты елорданың маңызды нүктелерін байланыстырады. Желі халықаралық әуежайдан басталып (сол жерде пойыздарға қызмет көрсетуге арналған депо салынды), "Нұрлы жол" вокзалына дейін барады. Жол бойында қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтетін барлығы 18 станция бар.

станции LRTСкрин/Threads

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер