02 сәуір 2024 | 14:30

Астанадағы музей Назарбаевтың балауыз мүсіні неге алып тасталғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Астанадағы Қазақстан Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алты жыл бұрын орнатылған балауыз мүсіні неге алып тасталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы Қазақстан Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алты жыл бұрын орнатылған балауыз мүсіні неге алып тасталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музей мәліметіншен, көрме залында Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына байланысты реэкспозиция (экспозицияны өзгерту және жаңарту – еск.) бойынша жұмыстар жүргізілген.

"2024 жылы Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері" көрме залында Сағадат Қожахметұлының өмірі мен әскери қызметін толық қамту мақсатында реэкспозиция өткізілді", - делінген Tengrinews.kz редакциясы сұрауына жауапта.

Музейдегі көрме залдарын жөндеу әлемдік тәжірибе деп аталды.

Еске салайық, жақында Астанадағы музейден Назарбаевтың балауыз мүсінінің алып тасталғаны белгілі болды. Ол 2018 жылы қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети