02 сәуір 2024 09:42

Астанадағы музейден Назарбаевтың балауыз мүсіні алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Yandex.kz Фото ©️ Tengrinews.kz / Yandex.kz

Астанадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының экспозициясынан алты жыл бұрын орнатылған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз пішіні жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының экспозициясынан алты жыл бұрын орнатылған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз пішіні жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Тұңғыш Президенттің балауыз пішіні мұражай залдарының бірінде үстел үстінде болған.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Эльдар Нуруллин

Енді Назарбаевтың орнына сол үстелде армия генералы, кеңес және қазақстандық әскери көсем, Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің балауыздан жасалған ескерткіші тұр.

Фото ©️ Tengrinews.kz

Музейдегілер Tengrinews.kz тілшісіне экс-президенттің фигурасы экспозициядан алып тасталғанын, енді ол олардың қорында екенін айтқан. Ресми түсініктеме алу үшін Қорғаныс министрлігіне жүгінуді сұраған.

Назарбаевтың балауыздан жасалған фигурасы музейде 2018 жылы пайда болған. Жұмыстың авторы-гиперреалист суретші Айдос Есмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети