Жаңа саябақ Астананың Жауқазын және Мақатаев атындағы көшелер қиылысында ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік сатып алу порталының мәліметіне сілтеме жасап. Құрылысқа Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тапсырыс берген тендер 2 қазан күні жарияланған.

Жұмыстың құны - шамамен 1,86 миллиард теңге. Астанада саябақты "Арай" саябағына жақын тұрған жасыл аумақта салу жоспарланған. Оның мерзімі ретінде 2014 жылдың қазаны мен 2015 жылдың маусымы көрсетілген. Тендерге қатысу үшін өтініш 23 қазанға дейін қабылданады.
Бұған дейін Астанадағы орталық саябақтың айтарлықтай өзгеретіні хабарланған болатын. Әкімдік 18 қабатты үйдің биіктігіндей төңіректі шолатын әткеншек салуды жоспарлап отыр. Мұнымен бірге, билік үлкен сағат, "Уақыт өзені" конструкцисын, құрғақ субұрқақ және олимпиадашылар алаңын салуға уәде берді. Жылытылатын бассейн салу да әңгіме болды. Сонымен қатар, жеке инвесторлардың аквасаябақ құрылысына мүдделі екені айтылды.
Осыған дейін елорда билігі салынатын саябақтың ораналасатын жері туралы мәселені шешіп жатқаны хабарланған болатын. Астанадағы қалалық саябақ алты аумаққа бөлінеді: жағажай, орталық аллея, ішінде мозайкасы бар төрт грот композициясы, "құрғақ" субұрқақ және олимпиадашылар алаңы.