Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада жаңа әткеншектің биіктігі 18 қабатты үйдей болады

18 Тамыз 2014, 12:46
0
omskrielt.com
omskrielt.com

Астанада биіктігі 18 қабатты үймен бірдей әткеншек салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.

"Қайта салынатын қалалық мәдениет саябағы құрылысының үшінші кезеңінде шолу әткеншегін орнату қарастырылып отыр. Бүгінде әткеншек дөңгелегінің диаметрі 55 метр болатыны анықталды. Өндіруші ел, әткеншектің құны, орындықтарының саны, басқа да ақпарат "Мемсараптама" РМК 2014 жылдың ІІІ тоқсанының соңына дейін оң қорытынды шығарғаннан кейін белгілі болады", - деп хабарлады редакцияның сауалына жауап қайтарған басқарма мамандары. 

Еске сала кетейік, Астананың қалалық саябағында жаңа шолу әткеншегі салынатыны бұған дейін хабарланған болатын. Қалалық саябақта сағат, "Уақыт өзені", құрғақ субұрқақ орнатылып, Олимпиадашылар алаңы ашылады. Саябақта жылытылатын бассейн де салынады. 

Бүгінде әлемдегі ең биік шолу әткеншегі - Американың Лас-Вегас қаласындағы High Roller. Ол биыл сәуір айында ашылды. Әткеншек шығыршығының диаметрі - 167 метр. Одан кейінгі орында диаметрі 165 метр болатын Singapore Flyer әткеншегі тұр, әлемдегі ең биік әткеншектердің үшінші орны диаметрі 160 метр болатын қытайлық "Наньчан жұлдыздарына" тиесілі. 

Алдағы үш жыл ішінде Астанада қандай жаңа нысандар бой көтеретіні туралы мына жерден оқи аласыздар. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай