10 қыркүйек 2024 | 09:03

Астанадағы субұрқақ және миллиард теңге: Болат Мажағұлов не үшін ұсталды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Астананың "Мәдениет басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған "Күн" ("Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы") субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасалған. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған", - делінген хабарламада.

Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр.

"Ұрланған қаражаттың көлемі 1 мллиард теңгеден асып отыр. Күдікті, Астананың "Мәдениет басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер. Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети