Астанадағы ТЖ: Компания басшылығы мен жұмысшылардың кездесуінен видео пайда болды

04 Қыркүйек 2017, 13:50
0
Астанадағы ТЖ: Компания басшылығы мен жұмысшылардың кездесуінен видео пайда болды - © instagram.com/temirzhanovich
© instagram.com/temirzhanovich

"Абу-Даби Плазадағы" шетелдік жұмысшылардың оқиғасы дерегі бойынша компанияда ішкі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне мердігер құрылыс компаниясының қызметкері хабарлады. 

Еске салсақ, 2 қыркүйекте сағат 21.00 шамасында "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде шетелдік жұмысшылар мен күзет компаниясының қызметкерінің арасында тұрмыстық жанжал болған еді. Кейін жанжал 30 адам қатысқан төбелеске ұласқан.

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Компания басшылығы Қазақстанның және Үндістанның қызметкерлерімен кездесіп жатыр. Сәтсіз оқиға болды. Түсінбеушілік. Жағдайды реттеу үшін шара қабылдап жатырмыз. Жағдай бақылауда", - деді мердігер компанияның қызметкері. 

Ал осы уақытта Желіде компания басшылығы мен жұмысшылардың кездесуінде түсірілген видео пайда болды. Онда компания өкілдері кінәлілердің ұлтына қарамастан жазаланатыны жайлы айтады.

Ал мұның алдында ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов үндістандық тараптың "Абу-Даби Плазадағы" жағдайға қатысты пікірін айтқан еді. 

"Дипломатиялық каналдар бойынша біз Үндістанның Қазақстан Республикасында аккредиттелген елшілігімен тығыз байланыстамыз. Тергеу бойынша шетелдік тарапқа еш шағым жоқ, қазақстандық билік өкілдерінен де шағым түскен жоқ. Үндістандық тарап тергеудің қорытынды нұсқасын күтіп отыр және олар қазіргі уақытта осы жағдайдың жан-жақты тергелуіне толықтай қанағаттанды", - деген еді министр Парламент палаталарының біріккен отырысындағы үзіліс барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай