24 желтоқсан 2020 | 12:14

Астаналық әйел 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда анасы бұзықтығы үшін 6 жасар ұлын ұрып-соғып, 8 жастағы қызын киімсіз далаға қуып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда анасы бұзықтығы үшін 6 жасар ұлын ұрып-соғып, 8 жастағы қызын киімсіз далаға қуып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылап отырған қыздың суреттері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Ішкиімі ғана бар қыз үйдің кіреберісінде отыр. Басқа бір суретте ол еденде дәлізде ұйықтап жатыр.

Жазба авторы анасы осылайша қызын сөз тыңдамағаны және еркелігі үшін жазалағанын мәлімдеген.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері елорда тұрғынынан көршісінің осы әрекеті туралы хабар 23 желтоқсанда сағат 21.20-да келіп түскенін айтты.

"Полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды анықтады, әйел бұл әрекетімен көршісінен киім-кешек ілетін қысқыштарды рұқсатсыз ойнауға алған балаларды жазалағысы келгенін айтты.

Отбасы Нұр-Сұлтан ПД ювенал полициясында профилактикалық есепке алынды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңды өкілдерге қатысты объектив шешім қабылдау үшін жағдайдың мән-жайын жан-жақты зерттеп жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети