23 қазан 2016 10:52

Астаналық жігіттің қайырымды ісі әлеуметтік желіде кең талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/aitym.zhakupov © facebook.com/aitym.zhakupov

Астаналық тұрғын Айтым Жақыпов Facebook желісіндегі парақшасында қолданушылардың кең талқысына түскен жазбасын жариялады. 


Астаналық тұрғын Айтым Жақыпов Facebook желісіндегі парақшасында қолданушылардың кең талқысына түскен жазбасын жариялады. 

Жігіт кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатып, аялдамада егде жастағы ер адамды кездестіргенін айтып берді. Сөйтсек, ол осы көшеде көп жылдан бері тұрады екен. "Кейін оның аты Бабыр екенін білдім, 53 жылының 20-сын көшеде өткізіпті, өкінішке қарай, ата-анасының өлімінен кейін ешкімге керексіз болып қалыпты. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, 20 жыл. Оның тоңып, дірілдеп отырғанын байқадым, аяқ киімі де жоқ екен, шыдай алмай жанына барып, не керек екенін сұрастырдым. Ол тек жылы әрі құрғақ шұлық сұрады. Себебі өзінің шұлығы жыртылып, дымқылданып кетіпті. Оған ыстық шай мен тамағын сатып әпердім де, мені 20 минуттай күте тұруын сұрадым, осыдан кейін үйге барып, жылы аяқ киім, шұлық, жыл күрте мен кофта, бас киім алып шықтым. Өздеріңіз далада қандай суық екенін көріп жүрсіздер. Қайтып келсем, мені күтіп тұр екен. Көлігімнен киімдерді алып шығып жатқанымда ол қуанышынан жылап жібере жаздады! Қуана киініп алып, жып-жылы болып қалғанын айтты!", - деп жазды жігіт.

Соңында автор достарын бұл постты оқып қана қоймай, қиын жағдайға тап болғандарға көмектесуге шақырды. "Егер біз бір бәлекетке түсіп қалған адамдарға көмектеспейтін болсақ, кім болғанымыз, басқа кім көмектеседі? Сондықтан эстафета құрғым келеді және #подарилюдямтепло деген хештегті қолданайық, меніңше, әрбір адам осындай жандарға көмектесе алады, олардың шексіз ризашылығын аласыздар, Алла істеріңізді көріп тұр", - дейді автор. 

Екі күннің ішінде бұл жазбаға мыңнан аса лайк басылды және 3,5 пікір жазылды. Қолданушылар жігіттің ісіне ризашылығын білдіріп, қолдау пікірлер жазып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети