25 шілде 2018 11:11

Астаналық тұрғын ұрланған аккумуляторды сатып алғаны үшін ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астана тұрғыны ұрланған аккумуляторды сатып алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана тұрғыны ұрланған аккумуляторды сатып алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 шілдеде жергілікті тұрғын Астана полициясына көлігінен аккумулятор ұрланғаны жайлы хабарлаған. ІІД мәліметінше, полицейлер күдіктіні ұстады.

"Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аккумуляторды алып-сатқан адам ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Аккумуляторды өзіне арзан бағамен сатып алған. Бірақ ол аккумуляторды ұрланған деп ойлаған", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері ұсталған ер адамның аккумуляторсыз және ақшасыз қалғанын айтып өтті.

Мұның алдында ішкі істер министрлігінің өкілдері ұрланған затты халықтың өзі сатып алып жататынын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети