29 желтоқсан 2023 17:04

Астаналықтардан қала сыртына шықпау сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бұрқасын, қар және желдің жылдамдығы 28 м/с жетуіне байланысты Астана ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартуды және сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Бұрқасын, қар және желдің жылдамдығы 28 м/с жетуіне байланысты Астана ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартуды және сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ТЖД ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы барлық ақпаратты бақылауда ұстауды ұсынады. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 29-31 желтоқсан аралығында Астанада қалың қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.

"Дауылды желдер кезеңінде бірінші кезекте электр желілері мен жабдықтарының, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырының, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Пәтерде сіз жоқта кенеттен электр тогы қосылған кезде өрт болмас үшін барлық электр құрылғыларының қуатын өшіріп, барлық ток көздерін ажаратып кетіңіз. Сондай-ақ, жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс жерлерге қойыңыз. Пәтердегі барлық терезелерді мықтап жабу ұсынылады. Сыртта қатты желде қалып қалсаңыз, құтқарушылар қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес береді", - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолда сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ұзақ сапарға шықпау сұралды.

"Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз".

Еске салайық, 29 желтоқсанда таңертеңнен бері елордада қар тазалау жұмыстарына 2344 жол жұмысшысы мен 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Желтоқсанның 28-нен 29-ына қараған түні Астанадан 17 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 1478 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети