18 мамыр 2021 12:35

Астананың екі ауданында 21-22 мамырда су болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтандағы Есіл мен Алматы аудандарында 21-22 мамырда су болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана су арнасы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтандағы Есіл мен Алматы аудандарында 21-22 мамырда су болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана су арнасы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коммуналдық қызметтер 21 мамыр 22.00 мен 22 мамыр 09.00 аралығында сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр:

  • Момышұлы даңғылы мен Төлебаев көшесінің қиылысында жаңа магистралды су құбырын орнату;
  • Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысындағы қысым реттегішті жөндеу;
  • Момышұлы, 1 даңғылы ауданында өлшегішті ауыстыру, 1.

Осыған байланысты ауыз су беру тоқтатылады:

  • Есіл ауданы бойынша - Мәңгілік Ел даңғылында, Nova city ауданында, Заречный, Тельмано және Пригородный тұрғын алаптарында, BI Village / Family Village-де, Қабанбай батыр даңғылында,
  • Алматы ауданы бойынша - Мыңжылдық аллеясы ауданында, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының оң жағында, Қалдаяқов-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелерінде.

Бұдан басқа, 22 мамырда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін осы аудандарда құбыр желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты судың қысымы төмен болады.

"Бұл жұмыстар сумен жабдықтау желілерінің сапасы мен беріктігін жақсарту үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, бір тәулікке жететін ауыз суды толтырып алуларыңызды сұраймыз", - деді "Астана су арнасына" өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети