20 мамыр 2016 10:30

Астананың кейбір көшелерінде біржақты қозғалыстың қашан енгізілетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана сайты Астана сайты

28 мамырдан бастап Астананың кейбір көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


28 мамырдан бастап Астананың кейбір көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Үстіміздегі жылдың 28 мамырында Астананың кейбір көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу жоспарланған. Бұл жобаны Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы мен Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп іске асырады. "Жаңашылдықтың мақсаты - қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту, жолдың жүретін бөлігінің өткізу қабілеттілігін арттыру, көлік ағынының жылдамдығын ұлғайту, жол бойында тұрған көліктер арасында тәртіп орнату. Бекітілген жоспарға сәйкес, біржақты қозғалыс алдымен қаланың келесі учаскелерінде енгізіледі:   

·  Әуезов к-сі (Республика даңғылынан Ә.Молдағұлова көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы - 2,9 км;

·  ул. Желтоксан (от ул. Московской до ул. Кенесары). Учаскенің ұзындығы - 2,0 км;

Содан кейін, үстіміздегі жылдың 10 маусымынан бастап келесі көшелерде біржақты қозғалыс енгізіледі:

·  Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы - 4,6 км;

·  Кенесары к-сі (Пушкин к-сінен Сарыарқа даңғылына дейін). Учаскенің ұзындығы - 4,3 км;

·  Янушкевич к-сі (Абай даңғылынан Иманов к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы - 0,7 км.

Жоғарыда аталған жол учаскелеріндегі біржақты қозғалыс жолының жалпы ұзындығы 14,5 км құрайды", -делінген хабарда. Сонымен қатар, мамандардың қорытындысына сәйкес, елорда көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу жолдың жүріс бөлігінің өткізу қабілеттілігін 25 пайызға дейін арттыруға, қиылыстарда тұрып қалу уақытын 29 пайызға азайтуға, көлік ағыны жылдамдығын 33 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал жолдың орташа уақыты 20 пайызға төмендейді.

Сонымен қатар, біржақты қозғалыс жобасы келесі міндеттерді шешуге септігін тигізеді: Көше-жол желісіне түсетін жүктемені бірқалыпты тарату; Бағдаршам объектілерін басқаруды оңтайландыру; ЖКО болу ықтималдылығын азайту (дағдарысты орындарды азайту); Экологиялық жүктемені азайту; Қалалық қоғамдық көлік кестесін сақтау нақтылығын арттыру; Қоғамдық көлікке деген сұранысты арттыру.

Айта кетейік, біржақты қозғалысты енгізу қалалық қоғамдық көлік қозғалысы сызбасына әсер етпейді, өйткені, жоғарыда аталған учаскелерде Bus lane жеке жолақтары жасалған. Бұл ретте жол полициясының қызметкерлері бастапқы кезеңде көлік құралдарының жүргізушілерін аталған учаскелерде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайды. Қазіргі кезде жоба Еуропаның 32 мемлекетінде сәтті іске асырылып жатыр. 10 жылдың ішінде біржақты қозғалыс енгізілген көшелер саны 225 шақырымнан 575 шақырымға дейін артты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети