13 мамыр 2016 11:49

Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астанада Өзбекәлі Жәнібек көшесінің Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 14 мамырдан 5 маусымға дейін аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 13-23 мамыр аралығында Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

12-25 мамырда Кравцов көшесінің Уәлиханов көшесінен Балқаш тұйық көшесіне дейінгі бөлігі жөнделеді. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 12-30 мамырда Қабанбай батыр даңғылы Қорғалжын тасжолынан "Рамстор" дүкенінің жанындағы көпірге дейін көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

© astana.gov.kz

Еске салайық, 25 мамырға дейін Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады. 

Сонымен қатар, 17 мамырға дейін Кенесары көшесінің Республика даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай тоқтатылады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети