Асылбек Мусиннің жары да терезеден секіріп кеткен - БАҚ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© LTV7 © LTV7

Ригада 15-ші қабаттан құлап кеткен Асылбек Мусин қайтыс болардың алдында бірнеше ай бұрын тура осылай оның жары бақилық болған. Оқиға 22 тамызда дәл сол Рига қаласының батыс бөлігінде орналасқан Иманте ауданындағы көпқабатты үйде болған. Бұл туралы мәліметті латвиялық LTV7 телеарнасының "Бүгін кешке" бағдарламасының тілшілері анықтаған. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ригада 15-ші қабаттан құлап кеткен Асылбек Мусин қайтыс болардың алдында бірнеше ай бұрын тура осылай оның жары бақилық болған. Оқиға 22 тамызда дәл сол Рига қаласының батыс бөлігінде орналасқан Иманте ауданындағы көпқабатты үйде болған. Бұл туралы мәліметті латвиялық LTV7 телеарнасының "Бүгін кешке" бағдарламасының тілшілері анықтаған. 

"Оның жары да осылайша қайтыс болды. Ол депрессияда болды... терезеден секіріп кетті. Ол өзін кінәлады, депрессияда болды, соңында шыдай алмаған секілді. Ол біреуге кедергі келтіретіндей саяси фигура болған жоқ", - деді телеарнаға қазақстандық саясаткер Талғат Қалиев. 

Еске салайық, 27 желтоқсанда Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусин қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді. Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған. 

"Құлаған сәттің куәгері жоқ. Оның денесін кездейсоқ өтіп бара жатқан адам тапқан. Полиция келген сәтте ғана, үй тұрғындары сыртқа шығып не болғанын білгісі келген", - деді полиция өкілі Оскарс Чугуновс.

Полицияны шақырған ер адам сұхбат беруден бас тартты, алайда өлген адамның кім екенін анықтауға үйдің ауласын тазалаушы Владимир есімді азаматтың көмектескені анықталды. "Біз сөйлескен жоқпыз, тек "сәлеметсіз бе, қайырлы таң" болғаны осы. Біз онымен жұмада таныстық, мен оның есімін білдім. Жұма күні ол құлады", - деді Владимир. 

Телеарна мәліметінше, Асылбек Мусиннің отбасы Ригаға бірнеше жыл бұрын келген.  

Тергеушілер әртүрлі нұсқа бойынша тексеріс өткізеді, бірақ ең басты нұсқа өзін өзі өлтіру деп санайды. Мусиннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бейресми мәлімет бойынша, оның үш баласы артында қалған.   

Еске салайық, Асылбек Мусин терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді

"Қазақстан азаматының Ригада көз жұму дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтауға бағытталған тергеу басталған. Кеше марқұмның ағасы Ригаға келіп, консулмен бірге сот-медициналық сараптама орталығында болды. Ол жерде ағасы көз жұмған Асылбек Мусин екенін растады", - дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008-2012 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігін басқарған.

Ал 2014 жылдың наурызында Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бірақ 2017 жылдың қаңтарында зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro