Асылбек Мусин 15-қабаттан құлаған - СІМ

28 Желтоқсан 2017, 11:04
0
Асылбек Мусин 15-қабаттан құлаған - СІМ - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Асылбек Мусин терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан азаматының Ригада көз жұму дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтауға бағытталған тергеу басталған. Кеше марқұмның ағасы Ригаға келіп, консулмен бірге сот-медициналық сараптама орталығында болды. Ол жерде ағасы көз жұмған Асылбек Мусин екенін растады", - дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған. 

"Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді", - дейді ведомство өкілдері. 

Еске салайық, 27 желтоқсанда Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусин қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008-2012 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігін басқарған.

Ал 2014 жылдың наурызында Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бірақ 2017 жылдың қаңтарында зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай