А.Тажаяқовтың әкесі фракция қатарынан шығарылды

21 Қаңтар 2014, 11:13
0
А.Тажаяқовтың әкесі фракция қатарынан шығарылды - Фото bnews.kz сайтынан
Фото bnews.kz сайтынан
Атырау қалалық мәслихатының депутаттары өткен жылы АҚШ-тың Бостон қаласында болған лаңкестік әрекетке қатысы бар затты айғақтарды жойғаны үшін айыпталған қазақстандық студенттердің бірі - Азамат Тажаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұловты "Нұр Отан" партиясы фракциясынан шығару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Айта кетейік, АҚШ-тың Массачусетс университетінің студенттері болған Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевты өткен жылы қамауға алған болатын. Оларға 2013 жылы сәуірдің 15-і күні Бостон марафоны барысында лаңкестік әрекет ұйымдастырған кіші Царнаев - Джохармен байланысы бар деген айып тағылды. Сосын олардың АҚШ-тың визалық тәртібін бұзғаны анықталды. Ал 2013 жылы мамырдың 1-і күні А.Тажаяқов пен Д.Қадырбаев лаңкестік әрекетке қатысы бар айғақтарды жойып, тергеу амалдарына тосқауыл болғаны үшін айыпталды. Сол үшін олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін. Бүгінде өз кінәларын мойындаған жоқ. Ағымдағы жылы қаңтардың 15-сі күні өткен кезекті сот отырысында алқа билер сотын маусымның 23-і күні өткізу жөнінде шешім шығарылды. Атырау қалалық мәслихатының депутаттары болса, сол лаңкестік әрекет үшін емес, "Нұр Отан" партиясы фракциясының соңғы отырыстарына қатыспағаны үшін А.Тажаяқовтың әкесі, депутат Ә.Ысмағұловты фракция құрамынан шығару туралы шешім қабылдады.

"Нұр Отан" партиясының Атырау қалалық бөлімшесі хабарлағандай, депутат Ә.Ысмағұлов фракция құрамынан шығарылса да, депутаттық өкілеттігі тоқтатылмайды. Себебі ондай шешім партияның құзіретін кірмейді.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай