10 қазан 2022 11:01

"Атыңыздан несие рәсімдеп жатыр". Телефон алаяқтарынан қалай қорғану керек?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Телефон алаяқтарына тап болған қазақстандықтар аз емес. Stopfake.kz порталы мамандары нағыз банк немесе полиция қызметкерін тануға қатысты бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Телефон алаяқтарына тап болған қазақстандықтар аз емес. Stopfake.kz порталы мамандары нағыз банк немесе полиция қызметкерін тануға қатысты бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Портал мәліметінше, телефон алаяқтары қорқыту, көндіру, сенімді деген дәлелдерді қолданылады. Алдау әдістері өзгергенімен, қорғану жолдары әмбебап және әрқашан нәтижелі. Алаяқтық құрбаны болмауға, өтірікті әшкерелеуге және ақшаңызды сақтап қалуға көмектесетін қарапайым ережелер туралы сарапшылар айтып берді.

Банк қызметкері қоңырау шалды. Оның алаяқ емес екенін қалай білуге болады?

Есіңізде болсын, банк қызметкерлері өз клиенттеріне сирек қоңырау шалады. Әңгіме барысында оның не айтқанына назар аудару керек. Егер ол біреу ақшаңызды алмақ болып жатыр немесе сіздің атыңызға көп мөлшерде несие алуға тырысып жатыр деп айтса, онда сақ болыңыз. Бұл алаяқтарға тән қулық. Олар сізге ойлануға мұрша бермей, әдейі қорқытады. SMS-тегі кодтарды, парольдерді, логиндерді, банк картасының мәліметтерін және жинаған ақшаңызға қатысты басқа ақпаратты ешкімге айтуға болмайтынын есте сақтаңыз. Егер хабарласып тұрған "банк қызметкері" сізден осы деректерді айтуды талап етсе – ол алаяқ.

Полициядан қоңырау шалып, атыңыздан әртүрлі банктерден көп мөлшерде несие алып жатыр деп айтты. Мен шынымен, полицеймен сөйлесіп тұрмын ба?

Соңғы жарты жылда "полициядан қоңырау шалу" қазақстандық алаяқтардың жаңа схемасына айналды. Әдетте, "тергеуші" сізге хабарласып, кездейсоқ есімді айтады, мысалы, Иванов Иван Иванович және ол адамның кім екенін сұрайды. "Ешкім" деген жауапты естіген ол осы Иванов дәл қазір қолыңыз қойылған жалған сенімхатпен әртүрлі банктерге барып, сіздің атыңызға несие алып жүр дейді. Мұндай сөзге сенудің қажеті жоқ. Біріншіден, полиция несие беріліп жатқандардың бәрін қадағаламайды, екіншіден, егер қандай да бір себептермен тәртіп сақшыларының сізге қояр сұрағы болса, онда сізге телефонмен емес, ресми түрде хабарлайды.

Барлық белгі бойынша маған алаяқ қоңырау шалып тұр. Не істеу керек?

Телефон шалып тұрған алаяқ екенін түсінгеннен кейін, дереу телефон тұтқасын қойыңыз. Егер ол сізге қайта-қайта қоңырау шалса, оның нөмірін бұғаттаңыз және қоңырауға қайта жауап бермеңіз.

Ал егер бұл алаяқ болмай шығып, ақшама шынымен қауіп төніп тұрса ше?

Егер телефонмен сөйлесіп тұрған кісінің алаяқ екеніне күмәндансаңыз, онда одан атын, тегін және лауазымын сұраңыз. Содан кейін телефонды қойып, оның өзін таныстыруына байланысты банктің call-орталығына немесе полицияға қоңырау шалыңыз. Банктердің нөмірлері ресми сайттарда көрсетілген және әлеуметтік желілерде верификацияланған парақшаларда көк шеңберде ақ белгімен белгіленеді. Оларға хабарласып, қоңырау шалушының аты-жөнін айтып, ондай адам банкте (полицияда) жұмыс істей ме деп сұраңыз. Сондай-ақ, шотыңызға қауіп төніп тұрғаны немесе біреулер сіздің атыңызға банктен несие алып жатқаны рас па деп сұрауыңызға болады. Егер ақпарат расталмаса – ақшаңызға ештеңе болмайтынына және қоңырау шалған адамның сізді алдамақ болған алаяқ екеніне көз жеткізесіз. Әңгімелесуші айтқан ақпаратты тек банктердің немесе құқық қорғау органдарының ресми өкілдерінде ғана тексеруге болатындығын есте шығармағаныңыз жөн. Оны растау үшін ықтимал алаяқ айтқан телефон нөмірлері бойынша хабарласпаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети