20 ақпан 2019 07:58

Атырау АМӨЗ-де жаңа бас директор тағайындалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет ашық деректерден алынған сурет ашық деректерден алынған

Шухрат Данбай "АМӨЗ" ЖШС бас директоры болып тағайындалды, - деп хабардайды "Ақ Жайық" тілшісі. 


Шухрат Данбай "АМӨЗ" ЖШС бас директоры болып тағайындалды, - деп хабардайды "Ақ Жайық" тілшісі. 

Мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Ғалымжан Амантурлин биыл қаңтарда зейнеткерлік жасқа жетіп, кейбір мәліметтер бойынша, АМӨЗ-дің бас директорының кеңесшісі болып тағайындалған.

Шуxрат Данбай 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келді. "Қайнар" университетін "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген; экономика ғылымдарының кандидаты, іскери әкімшілік докторы (DBA). Мұнай жеткізу және өңдеу, мұнай өнімдерін көтерме-бөлшек сату бойынша ірі коммерциялық құрылымдарға басшылық еткен.

"Қазатоммұнай" ЖШС, "Гелиос" ЖШС бас директоры, "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ (ПМХЗ) бас директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы блогының атқарушы директоры, "Қазақстан - Отын-энергетикалық кешені" ЖШС бас директоры болды.

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап - "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ-тың (2013 жылдың наурызында "ПМХЗ" ЖШС боп қайта құрылды) бас директоры. Шахрат Данбай басқарған 2009-2017 жылдары ПМХЗ-да ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген-ді. Алайда 2017 жылдың күзінде елдегі дизель отынына қатысты дағдарыс кезінде қазақстандық үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мәселелері талқыланған мәжілісте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Данбайды қатаң сынға алған болатын. Ол басқаратын ПМХЗ-да дизель отынын өндіруге арналған қажетті сутегі өндіру қондырғысының бірнеше аптадан бері жұмыс істемей тұрғаны анықталды. Сол кезде дау-дамайға құбырдың жігін теріс дәнекерлеген дәнекерлеуші кінәлі деп танылып, Шухрат Данбайға бас директор лауазымынан «өз қалауы» бойынша кетуге тура келді.

Соңғы кездері ол "ҚазМұнайГаз" АҚ-тың қайта өңдеу бойынша басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Оның АМӨЗ бастығы лауазымына тағайындалуын кәсіпорынның ұзаққа созылып кеткен реконструкциясымен тікелей байланыстырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети