Атырау облыстық "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы сайланды

06 Ақпан 2017, 13:21
0
Атырау облыстық "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы сайланды - Ренат Ғилажев. © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ренат Ғилажев. © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырау облыстық "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы болып Ренат Ғилажев сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өткізген жастар қанатының Атырау облыстық филиалының Х конференциясында Ренат Ғилажевтың кандитатурасы бірауыздан қабылданды", - делінген хабарламада.

Ренат Ғилажев 1985 жылы Атырау облысында туған. Үйленген, 2 баласы бар. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Тарих-география пәнінің мұғалімі мамандығын, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде География мамандығының магистрі атағын алып шыққан.

Бұған дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде "География" кафедрасында аға оқытушы, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде жастар ісі жөніндегі маман, Атырау қаласының жастар ресурстық ортылығының басшысы қызметтерін атқарған.

Еске сала кетейік, былтыр облыстық "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы болған 32 жастағы облыстық маслихат депутаты Асқар Бопылдықов желтоқсанның 28-іне қараған түні ауыр дерттен көз жұмған еді. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жастарды Асқар Бопылдақовтың еңбегін үлгі етіп елге аянбай еңбек етуге шақырды.

"Жастайыңнан шоққа түсіп үйренсең, отқа тастағанда қиналмайсың. Бұл кезең адамның өзін қайрап, жан-жақты дамытатын уақыты. Сол себепті жарқын идеялардан рух алып, толағай істерге ұмтылып, ел деп еңбек етуге шақырамын сіздерді", - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, конференция барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер, "Жас Отан" Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы Кеңесінің жаңа құрамын сайлау мәселелері де қаралды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай