27 қазан 2020 | 15:27

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Серік Айдарбеков Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Серік Айдарбеков Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Айдарбеков Серік Кенғанұлы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 10 қыркүйекте 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталған болатын. Кейінірек Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары қызметінен босатуды сұраған еді.

Серік Айдарбеков 1975 жылы Маңғыстау облысының Жаңа-Өзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
 
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1999 жылы  Э.Маттей атындағы жоғары мектепті (Милан қаласы, Италия), 2004 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-техникалық университетін аяқтаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
 
Экономист, тау кен инженері-мұнайшы мамандықтарын меңгерген Серік Айдарбеков  еңбек жолын Алматы қаласында инвестициялық саясат департаментінің жетекші мамандығынан бастады.
 
Әр жылдары "Қазақойл" ЖАҚ Ұлттық мұнай компаниясына жобаларды басқару департаметінің бірлескен басқару секторының аға талдаушысы, ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің өнеркәсіп және инфрақұрылым өндірістік бөлімінің кеңесшісі, Agip KCO компаниясы, Гаага қаласы (Нидерланды) қазақстандық үлесін дамыту жөніндегі департаментінің эксперименталдық бағдарлама жобасында қазақстандық үлесін дамыту жөніндегі кеңесшісі, менеджері (бөлім бастығы), Каспиан Энерджи Ресерч ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры, ПауэрКомм ЖШС бас директоры, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингтің мұнай-газ активтерін басқару жөніндегі топтың бас сарапшысы, премьер-министр кеңесшісі, Премьер-министрі кеңсесі индустриалды-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, Атырау қаласының әкімі, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында болды.
 
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарлығына тағайындалғанға дейін Серік Айдарбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының басшысы лауазымында болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети