27 қазан 2020 12:01

Пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтен оны қызметінен босатуды сұрады, - деп хабарлайды Azh.kz.


Пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтен оны қызметінен босатуды сұрады, - деп хабарлайды Azh.kz.

Таубаевтың өтінішін адвокаты Игорь Вранчев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Құрметті облыс тұрғындары. Мен шешім қабылдадым, 22 қазанда Атырау облысы әкімінің атына мені әкімнің бірінші орынбасары лауазымынан босату туралы өтініш бердім.

Бұл шешім тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша менің кінәмді мойындаумен байланысты емес, мен кінәм жоқ екенін дәлелдеуге ниеттімін, өйткені мені айыптайтындай ештеңе жасамадым.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарына жауапты жұмыс учаскесі жүктелді, мәслихат пен Мәжіліс сайлауы өтеді, осыған байланысты мен әріптестерімнің және Атырау облысы әкімінің атына қандай да бір күдік келтіргім келмейді.

Осыған байланысты және тек осы себеппен осындай шешім қабылдадым. Таубаев Н. Б.".

"Президентке дейін барамын". Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталуына қатысты пікір білдірді

Еске салайық, 10 қыркүйекте 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети