22 қыркүйек 2020 15:14

"Президентке дейін барамын". Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың адвокаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айыптауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың адвокаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айыптауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Таубаевтың айтуынша, агенттік қызметкерлері онымен әңгімелесу үшін бірге жүруді сұраған, ал ұсталғаны туралы оқиға орнына барған кезде ғана хабарланған.

"Келесі күні түскі астан кейін мені Антикоррупция ғимаратына қайта алып келді, онда тергеушінің "пара алуға оқталу түріндегі қылмыс жасау туралы" қаулысы ұсынылды. Адвокатымның пара алу әрекеті қашан және қандай мөлшерде жасалғаны туралы сұрағына тергеуші ештеңе жауап бермеді. Осыдан кейін мені тағы да уақытша тергеу изоляторына жіберді", - деді ұсталған шенеунік.

Оның айтуынша, ол әлі күнге дейін оған нақты қандай айып тағылғанын, пара мөлшері қандай және оған айып тағылған қылмыс қашан болғанын білмейді.

Адвокат Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Таубаев бұрын Атырау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаев (қазір энергетика министрі) оны өзінің орынбасары лауазымына шақырғанын, алдымен бәрі жақсы болғанын, бірақ кейін Ноғаевпен жұмыс "нәтиже бермегенін" айтады.

"(...) Мен сіздерге осы арандатудың артында кім тұрғанын білетінімді және біріншіден, менің кінәсіздігімді дәлелдеу үшін бәрін жасайтынымды, екіншіден, оны ұйымдастырған адамдар әділ жазалануы үшін барлығын жасайтынымды айтқым келеді. Мен Президентке дейін барамын", - деп уәде берді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети