06 сәуір 2020 09:06

Атырау облысында 18 жастағы қыз коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Атырау облысында кеше 5 сәуір 22:05-тегі жағдай бойынша тіркелген тағы 6 науқасқа қатысты өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысында кеше 5 сәуір 22:05-тегі жағдай бойынша тіркелген тағы 6 науқасқа қатысты өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш науқас - 1986, 1983, 1960 жылғы ер адамдар. Сонымен қатар, тағы 1969, 1957 жылғы екі әйел және 18 жастағы қыз коронавирус инфекциясын жұқтырған. 

"Барлығы бұрын коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық. Бүгінде науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды, қажет емдеу шаралары жасалып жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланып жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 5 сәуір сағат 22:05-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 584-ке жетті. Оның 29-ы Атырау облысында анықталды.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети