04 қазан 2022 08:39

Атырау облысында алып адам тұрады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылында алып адам өмір сүреді. Оның есімі - Парасат Нұрғалиев. Алып адамның бойы 2 метр 15 сантиметр болса, салмағы 150 келі, ал аяқкиімінің өлшемі - 56. "Ақ Жайық" басылымы алып адаммен кездесіп, сұхбаттасып қайтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылында алып адам өмір сүреді. Оның есімі - Парасат Нұрғалиев. Алып адамның бойы 2 метр 15 сантиметр болса, салмағы 150 келі, ал аяқкиімінің өлшемі - 56. "Ақ Жайық" басылымы алып адаммен кездесіп, сұхбаттасып қайтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алып адам - Парасатқа сай киім табу қиын. Парасатқа киімді арнайы тігінші - туысы тігіп береді екен. Ал аяқкиім табу расында өте қиын. Алып адамның аяғына сай жалғыз аяқкиім - резина аяқкиімдер. Бірақ жаңбыр жауған күні және аязда сыртқа шыға алмай қалады. Сондықтан Байғали Өтеманов бастаған ауыл тұрғындары алып адамға аяқкиім тігіп беруге шешкен.    

"Қажымұқанның аяғының өлшері 54 болған. Ал Парасаттың аяғының өлшемі - 56. Тапсырысқа аяқкиім тігетін жерді ұзақ іздедім. Көптеген шебермен сөйлестім, бірақ аяқкиімінің өлшемін естігенде бас тартады. Астаналық тігіншілер Парасаттың өзі келген жағдайда ғана тігіп беретінін айтты. Бірақ Астанаға жету үшін де аяқкиім керек қой. Эксклюзив тапсырысты орындауға алматылық шебер Валерий Воронин ғана келісті. (...) Шеберде 56-шы өлшемнің үлгісі болмады, сондықтан 52-ші өлшемді ұзартып, тапсырысты 20 күннің ішінде жасап берді", - дейді Байғали Өтеманов. 

Парасат аяқкиімді көре сала қуанып кеткен. 

"Мұндай аяқкиімді соңғы рет қашан кигенім де есімде жоқ", - дейді алып адам. 

Ауыл тұрғыны Байғали Өтемановтың сөзінше, олар Парасатқа қыстық аяқкиім де тапсырысқа беріп қойған. 

"Басқа балалардан айырмашылығым жоқ еді. Бірақ алтыншы сыныптан кейін өсе бастадым. Сүйектерім ірілене бастағанын сезгендей болдым. Киімдерім де тез кішірейе берді. Мектепте бәрінен биік болып кеттім де аяғымның өлшемі үлкейіп кетті. 9-10 сыныптың өзінде өзіме сай аяқкиім табу қиын болып кетті, ол кезде аяғымның өлшемі 50 еді. Мектеп бітірген кезімде салмағым 120 келі болса, бойым 2 метр болды. Бірақ денсаулығымда ешқандай кінарат жоқ", - дейді Парасат.    

Алып адамның сөзінше, бойының ұзын болуы еш кедергі келтірмейді. Тіпті үйреніп те кеткен. Сонымен қатар, Парасат қандай жұмыс істейтінін айтты. 

"Тұрақты жұмысым жоқ, көбіне үйдің іргетасын қалаумен және сылақ жұмыстарымен айналысамын. Жұмыстан шаршамаймын, кез келген жұмысты істей беремін", - дейді Парасат. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети