07 наурыз 2021 13:20

Атырау облысында газдан уланып өлген адамдардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 5 наурызда газдан уланып өлген марқұмдардың отбасына материалдық және психиатриялық көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды "Мой Город"


Атырауда 5 наурызда газдан уланып өлген марқұмдардың отбасына материалдық және психиатриялық көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды "Мой Город"

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Facebook желісіндегі парақшасында Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында газдан уланып қайтыс болған адамдардың отбасына көңіл айтты. 

"Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылында қайғылы жағдай болды. Бір үйден қаза болған екі ер адам, бір әйел адам мен кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың денесі табылды. Сала мамандары көмірқышқыл газынан уланған деп болжап отыр.

Оқиға орнына шұғыл жеткен әкімдік пен төтенше жағдай сондай-ақ полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.  Қайтыс болғандардың отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына материалдық, жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазды облыс әкімі. 

Одан бөлек, Досмұхамбетов облыс тұрғындарынан қауіпсіздік шарасына ерекше назар аударуды сұрады.

"Барша облыс тұрғындарының қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуын сұраймын. Сонымен қатар, қала және аудандар мен барлық ауылдық елді мекен әкімдеріне Төтенше жағдай департаментімен бірлесе отырып қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды"- деді облыс басшысы. 

Еске салайық, қайғылы оқиға 5 наурызда болды. Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Махамбет ауданының №11 өрт сөндіру бөліміне аудандық полициядан Салықов көшесіндегі жеке үйден төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түскен.

Шақыру орнына барған Махамбет ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері 45 және 30 жастағы ер адам, 44 жастағы әйел мен бес жасар қыздың қайтыс болғанын анықтады. Оқиға болған жерде аудандық ТЖ және полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеді. Өлімнің алдын ала себебі - газдан улану. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети