Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтан, Ыстамбұл және Амстердамнан келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтан, Ыстамбұл және Амстердамнан келген Фото:elements.envato.com

Дәрігерлер Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов коронавирус жұқтырған үш адамның жағдайын айтты,

"27 наурызда Атырау облысында коронавирус жұқтырған үш адам тіркелді. Бірінші науқас 21 наурызда Нұр-Сұлтаннан ұшып келген, ал екінші науқас 17 наурызда Ыстамбұлдан Алматыға, сосын Атырауға ұшып келген. Үшінші науқас 26 наурызда Амстердамнан келген. Барлығы карантинге жатқызылды. Үшеуінің жағдайы қанағаттанарлық", - деді Ғазизов.

Еске салайық, мұның алдында Атырау облысында үш адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 125 адамға жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.28  course up  579.41  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети