25 маусым 2020 09:41

Атырау облысында коронавирус пандемиясы басталғалы 16 адам қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Атырау облысында коронавирустан жалпы 16 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"


Атырау облысында коронавирустан жалпы 16 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары мәлімдеді. 

Айта кетейік, коронавирус туралы ресми хабар тарататын coronavirus2020.kz сайтында Атырау облысында пандемия басталғалы үш адам қайтыс болғаны хабарланған. 

"Бүгін қайғылы рекорд орнады: бір тәулікте коронавирус жұқтырған 65 науқас анықталды, оның 49-ы облыстық орталықта. Коронавирус пандемиясы басталғалы 1540 науқас анықталды, оның 1502-сі Теңізде. Жалпы 1141 науқас аурудан айығып, оның 968-і Теңізден. Жұқпалы аурулар ауруханасында 194 науқас емделіп жатыр. Олардың жалпы жағдайы орта және ауыр. Екі науқастың жағдайы өте ауыр жағдайда жатыр", - дейді Гүлнафис Танаева. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети