04 тамыз 2019 10:09

Атырау облысында Қытайдың 14 азаматы заңсыз жұмыс істеген  

Камила Долаева Журналист
Azh.kz

Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қытайдың 14 азаматын елден шығару туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Аzh.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қытайдың 14 азаматын елден шығару туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Аzh.kz тілшісі.

Шығарылған шетелдіктердің барлығы - салынып жатқан Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолының Сағыз-Мұқыр учаскесінде жұмыс істеп жатқан қытайлық "Shanghai Construction" құрылыс компаниясының жұмысшылары.

Реклама
Реклама

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚХР азаматтарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 2-тармағына (елде болуға ниет еткен шетелдiктiң мерзімнен астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей ҚР заңнамасын бұзуы) сәйкес, әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Shanghai Construction" компаниясының қытайлық қызметкері әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бейнежазбаға түсіп қалып, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram