05 шілде 2022 13:52

Атырау облысында өртсөндіруші мен полицейдің жанжалы видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында полицейлер мен өртсөндірушілер жанжалдасып қалды. Желіде оқиғаның видеосы тарады. Видеоға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстың Полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысында полицейлер мен өртсөндірушілер жанжалдасып қалды. Желіде оқиғаның видеосы тарады. Видеоға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстың Полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан полицейлер мен өртсөндірушілер жанжалдасып қалғанын көруге болады. Бірақ жанжал неден шыққаны түсірілмеген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бұл кадрларға түсініктеме беріп, өртсөндіруші мен полиция қызметкері арасында төбелес болмағанын айтты.

"Иә, ондай жағдай болды. Атырау облысында өрт болды. Біздің күштер өрт болған жерге барып, оны сөндіруге кіріскен, бірақ аумақты сөндіру кезінде тұрғындар, бейтаныс адамдар жүрген. Өрт сөндіру барысын басқарған біздің қызметкер полицейлерден оларды шығаруды сұраған, оған полицей дөрекі жауап берген. Сол кезде олардың арасында кикілжің болған. Ешқандай төбелес болған жоқ. Кейін оларды ажыратқан. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", - деді Талғат Уәли.

ТЖМ екі тараптың уәждері тексерілетінін атап өтті. Тексеріс нәтижелері кейінірек жарияланады.

Атырау облысының Полиция департаменті де қызметкерлер арасында түсініспеушілік болғанын растады.

"2 шілдеде Полиция департаменті әлеуметтік желіде ТЖД қызметкері мен патрульдік полиция қызметкері арасындағы жанжал түсірілген видеоға қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Қызметкерлердің бейнежетондарынан алынған бейнежазбалар қаралып, осы хабарлама кезінде барған қызметкердің бәрі тексерілді. Екі қызметкердің арасында түсініспеушілік туындаған, зардап шеккендер жоқ", - деді Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ПД өкілдері.

Тәртіп сақшылары қызметтік тексеру қорытындысы бойынша патрульдік полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылғанын нақтылады. Өртсөндірушіге қатысты шешімді Төтенше жағдайлар департаменті қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети