Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Атырау мен Маңғыстау облыстарының маңындағы түйенің қырылу жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Мой Город".
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Атырау мен Маңғыстау облыстарының маңындағы түйенің қырылу жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Мой Город".
Министрліктің мәліметінше, Атырау облысының мал дәрігерлері бірнеше зерттеу жүргізген. Сараптамалар қорытындысы түйелердің танауындағы шынымқұрттардан қырылғанын көрсетті
"Атырау облысында 3-28 шілде аралығында 19 түйенің өлімі тіркелген. Ал бүгінде жағдай тұрақты, барлығы өңірлік мал дәрігерлік қызметтің бақылауында. Сондай-ақ, соңғы күндері жүргізілген сараптамалар жануарлардың аса қауіпті ауруға шалдықпағанын көрсетті. Ал Маңғыстау облысындағы түйелердің өлімінің алдын ала себебі - олар алкалоидтерден (құрамында азоты бар органикалық зат) уланған", - делінген министрліктің хабарламасында.
Еске салайық, мұның алдында Атырауда бірнеше түйенің қырылып жатқаны жайлы хабарланған болатын.