03 тамыз 2019 14:45

Атырауда түйелер қырылып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

lenta.inform.kz lenta.inform.kz

Атырауда түйелердің қырылу себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Атырауда түйелердің қырылу себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жануарлар Теңіз мұнай-газ кен орны орналасқан Жылыой ауданында қырылып жатыр. Аққызтоғай ауылында 10-нан астам жануар өлсе, кейін Құлсары аудан орталығындағы жеке қораларда түйелер қырыла бастаған.

"Су мен шөптің сынамасы алынды, бірақ Атырау зертханасында ешқандай ауытқу табылмады. Қазіргі уақытта тағы да сынама, соның ішінде жануарлар жайылған жайлаулардан да сынамалар алынды", - деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.

Еске салайық, көктемде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде бір жарым мың қой жаппай қырылған еді. Олардың неден қырылғанын анықтау үшін бірнеше ай қажет болды. Кейін астаналық мамандар "шешек ауруы" деген диагноз қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети