18 маусым 2021 | 12:18

Атырау облысының әкімі отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұрынғы бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлық ісі жөнінде кінәлі деп танылса, отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұрынғы бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлық ісі жөнінде кінәлі деп танылса, отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде тілші Досмұхамбетовтен бұрынғы орынбасары кінәлі деп танылса, отставкаға кету туралы пікірін сұрады.

"Мен сіздер білетін ақпаратты ғана білемін. Тергеу барысы мен сот талқылауының барысы туралы түсінік бере алмаймын. (...) Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша, әрбір саяси қызметкер, егер оның тікелей бағыныштысы сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыппен сотталатын болса және бұл сот шешімімен айқындалса, отставкаға кетуге тиіс. Мен де заңға бағынамын, заңға сәйкес әрекет етемін", - деп жауап берді әкім.

Махамбет Досмұхамбетовке бұл сұрақ бұрын да қойылған. 2020 жылдың қыркүйегінде ол: "Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, мен заңға сәйкес отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Президент шешеді" деген болатын.

2020 жылдың қыркүйегінде БАҚ Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы хабарлаған. Адвокат Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берген еді.

Кейін Атырау облысы әкімінің ұсталған орынбасары кінәсіз екенін мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети