Атырау полицейлері күмәнді шабаданға бола қала аумағын қоршауға алды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау полицейлері күмәнді шабаданға бола қала аумағын қоршауға алды

Атырау облысының полицейлері күдікті шабаданға байланысты "Арын" құрылыс базары маңындағы учаскені қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысының полицейлері күдікті шабаданға байланысты "Арын" құрылыс базары маңындағы учаскені қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 28 қазан таңертең болған.

"Атырау қаласы ПД-не қала аумағындағы күдікті шамадан мен қап туралы хабарлама келіп түскен. Полицейлер жедел әрекет етіп, аталған шабаданның ішінде киім-кешек заттары бар екенін анықтады", - делінген хабарламада.

Оқиға Атырау тұрғындарын шошытып, қоршау орнынан фотолар тарата бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.28  course up  579.41  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети