24 маусым 2015 19:11

Атырау тұрғындары 50 градустық ыстықты сезінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© karal.ru © karal.ru

Атырау аптап ыстықтан қажыды. Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырауда бүгін 40-42 градус ыстық болды, бірақ ауа температурасы 50 градустай сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау аптап ыстықтан қажыды. Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырауда бүгін 40-42 градус ыстық болды, бірақ ауа температурасы 50 градустай сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Атырауда түсірілген сурет пайда болды, ол суреттен автосервистердің бірінде 54 градустың көрсеткенін байқауға болады.

Алайда "Қазгидромет" кәсіпорнының қысқа мерзімді болжамдар басқармасындағылар ондай ауа температурасының тіркелмегенін айтты. Дегенмен Атырау тұрғындарының айтуынша, суретте көрсетілген ауа температурасындағыдай ыстық сезілді.

"Бүгін Атырауда 40-42 градус. Бірақ біздің өлшегіш құрылғылар күн сәулесімен тікелей байланыс бар жерде орналаспаған. Сондықтан біз ережеге сәйкес, көлеңкедегі ауа температурасын көрсетіп береміз. Егер адам бүгін күн астында тұрса 50 градустай ыстықты сезінеді. Дәрігерлер мұндай ауа райында егде жастағы адамдар мен балаларға күннің астында ұзақ жүрмеуге кеңес береді", - деп хабарлады қысқа мерзімді болжамдар басқармасының жетекші инженер-синоптигі Әсия Рақымова.

Оның айтуынша, таяу күндері, яғни 26-27 маусымда жоғары ауа температурасы сақталады (күндіз 32-39-дан 42 градусқа дейін, түнде 22-27 градус). "Бұл өңір үшін жөнсіздік немесе аномалия емес. Бұл жақта көктем жаңбырлы болды және жаз бойы осындай ауа райы болады деп күтіліп отыр", - деп түсіндірді "Қазгидромет" кәсіпорнының маманы.

Айта кетейік, бүгін әлеметтік желілерде Атырау тұрғындары аптап ыстық туралы иллюстрацияларды жариялады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети