Атырауда аурухана медбикелері митингке шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:azh.kz Фото:azh.kz

Атырауда жұқпалы аурулар ауруханасының 40-қа жуық санитары үш айдан бері төлем ала алмай жүр. Осы себепті олар аурухана ғимаратының алдына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда жұқпалы аурулар ауруханасының 40-қа жуық санитары үш айдан бері төлем ала алмай жүр. Осы себепті олар аурухана ғимаратының алдына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Жұмысшылардың айтуынша, соңғы үш айда оларға сақтандыру және "зейнетақы" аударылмаған, соның кесірінен олардың көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмай қалған.

"Менің бір қызым бар - 1 топтағы мүгедек. "Отбасы банкте" баспана кезегінде тұрмын. Жақында "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша конкурс болып, зейнетақы жарналары түспегендіктен өтпей қалдым. Ал біздің жалақымыз небәрі 100 мың", – дейді №2 облыстық аурухана қызметкері Айжан Сағындықова.

Сурет: azh.kz

Аурухана басшылығы төлемдердің кешігуі болғанын мойындап отыр. Өйткені мекеменің белгілі бір компанияға 90 миллион теңге қарызы бар.

"Бізде қаржылық қиындықтар бар екенін барлық қызметкер біледі. Бізге түсетін қаражат тек жалақыға ғана жетеді, өкінішке қарай, зейнетақы мен басқа да төлемдерге жоқ", - деді №2 облыстық аурухана директорының м.а. Надя Ерғалиева жиыннан кейін өткен кеңесте.

Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Әбдалиев арнайы комиссия құрылып, есеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Надя Ерғалиева бұл мәселе жыл аяғына дейін шешіледі деп уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer