09 қаңтар 2023 13:37

Атырауда әйел мен төрт баласы иіс тиіп уланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

alau.kz alau.kz

Атырауда бес адам иіс тиіп уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда бес адам иіс тиіп уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 9 қаңтарда сағат 07:30 Атырау тұрғын үйлердің бірінде жедел-жәрдем қызметінен тұрғындардың табиғи газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан газ кету салдарынан табиғи газдан уланып, жедел-жәрдем қызметімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгендігін анықтады.

Қазір балалардың жағдайы бір қалыпты, олар үйлеріне жіберілді. Уланудың себебі анықталып жатыр.

"Құрметті Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары! Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар! Тұрмыстық заттарды, электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыздар", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети