Атырауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс аяқталды Видеодан алынған кадрлар

Атырауда "Алтын балық" балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Нұрмұхамбет Мұталиев брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда "Алтын балық" балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Нұрмұхамбет Мұталиев брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 110-бабы "Азаптау" бойынша сот сараптама кешені тағайындалып, соталды тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта "Алтын балық" балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс аяқталды, оны сотқа жіберу жоспарланып отыр", - деді Нұрмұхамбет Мұталиев.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруз Шангереевтің айтуынша, тәрбиеші өз бетінше түсіндірме жазудан бас тартқан.

Еске салайық, Атырау балабақшасында тәрбиешінің баланы ұрған сәті түскен видео Қазнетте талқыланып жатыр. Кадрлардан әйел баланың басын, денесін ұрғанын, құлағын тартып, аяғын басқанын көруге болады. Бала жылап тұрып тәрбиешіні құшақтайды, алайда ол қол көтеруін тоқтатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети