30 мамыр 2020 12:28

Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кеткен, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кеткен, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Оның үшеуі бала. Телеарна мәліметінше, суға түсу маусымы басталмаса да, тұрғындар сақтықты естен шығарған. Қауіптің алдын алып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары рейд ұйымдастырды.

10 мамырдан бері 16 тексеру шарасы жүргізілген. Бұл жұмыстар енді күн сайын өткізіледі. Сондай-ақ жедел құтқару жасағының мамандары да арнайы дайындықтан өтіп жатыр. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

"Қыстың өзінде де бізде 2 жасөспірімнің қараусыз қалып, мұздың астына батып кеткен. Суға түсу маусымы 15 маусымда басталады. Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша екі жағажай бар. Екеуінің де жағдайы әзірге дайындықсыз. Белгілер қойылып, жер-жерде "суға түсуге болмайды" деген ескертулер беріп отырмыз", - дейді жедел құтқару жасағының басшысы Самат Құмашев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети