25 сәуір 2019 16:56

Атырауда кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желіде экстремистік жазба қалдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© iPhones.ru © iPhones.ru

Атырауда кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желіде экстремистік жазба қалдырған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Осы әрекеті үшін қыз бала бостандығынан айырыла жаздады.


Атырауда кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желіде экстремистік жазба қалдырған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Осы әрекеті үшін қыз бала бостандығынан айырыла жаздады.

Құрманғазы ауданының тұрғыны "Вконтакте" әлеуметтік желісінде бұрыннан "отырады" екен. Алайда ол парақшасына жүктеген жазбасы сот алдына алып келетінін еш ойламаған. 

"Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында кәмелетке толмаған қызға қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК 453-бабы 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау") бойынша қаралды. 

Сотта қыз бала өз кінәсін толығымен мойындады, онымен бірге анасы болды және судьядан қызының балалық ағаттығына кешіріммен қарауды өтінді. 

"Сот кәмелетке толмаған баланы заңды түсіндіру түрінде тәрбиелік сипаттағы шараларды қолдана отырып, жауапкершіліктен босатты", - деді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети