31 мамыр 2020 09:32

Атырауда карантин алып тасталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 маусымнан бастап Атырауда карантин аяқталады, уақытша шектеулер алынып тасталады және барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиев мәлім етті, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


1 маусымнан бастап Атырауда карантин аяқталады, уақытша шектеулер алынып тасталады және барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиев мәлім етті, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Карантин Жылыой ауданы, Мақат ауылы және Теңіз кен орнында сақталады.

"Атырау қаласы мен Атырау облысының аумағында шектеу іс-шаралары, Мақат ауданының Мақат кентінде, Жылыой ауданында және Теңіз кен орнында карантин сақталсын, соның ішінде "Теңізшевройл" компаниясының және оның мердігерлік ұйымдарының вахталық кенттері (бұдан әрі мәтін бойынша - Covid-19 таралу ошағы бар елді мекендер) эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін карантинде. 2020 жылдың 1 маусымында сағат 00.00-ден бастап эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін шектеу іс-шараларын сақтай отырып, Атырау қаласында карантин жойылсын", - делінген қаулыда.

1 маусымнан бастап әуежай, теміржол вокзалының және автостанцияның жұмысы жаңартылып, автобус жолаушылар тасымалы мен такси қызметі іске қосылады.

3 маусымнан бастап базарлар мен азық-түлік емес дүкендер жұмысын бастайды. "3 маусым күні сағат 07.00-ден бастап Covid-19 таралу ошағы бар елді мекендерді қоспағанда, 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 ҚР МСВ № 5 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, базарлар мен азық-түлік емес дүкендердің қызметін қайта бастау қажет", - делінген қаулыда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети